«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы  Көкшетау қаласының Ю.А.Гагарин атындағы балабақшасы» МКҚК
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад им. Ю.А.Гагарина» при акимате города Кокшетау 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бізге 35!

13.12.2020

     Әрқайсымыздың өміріміздегі  ұмытылмас  сәттер,  ол  біздің балалық  шағымыз.       Балалық  тазалыққа,  аңқаулықтарға, шын шаттыққа  толы  әлемге   қайтып оралғымыз  келеді . Бұл ұмытылмас сәттер ересектер мен балаларды  байланыстырып ,  біздің мұнды  өмірімізді, жарқын, қызықты мерекеге айналдырады .

     Желтоқсанның  аязды күндері , біздің " Ю. А. Гагарин атындағы № 33  " балабақшамыз  өзінің 35 жылдық мерейтойын  атап өтеді.  Осы жылдар ішінде ол көп  нәрсені көрді. 1985 жылы  алғаш рет мектеп жасына дейінгі балаларға есігін айқара ашты. Балалар өсті, дамыды, сурет салуды, ән айтуды, би билеуді, ойнауды, дос болуды үйренді. Балабақша олармен қоштасып, жаңа балаларды қабылдап  отырды   өмір  осылайша жалғасты . Уақыт өте берді.  Енді бұрынғы түлектер,  бір кездері өздері келген балабақшаға  балаларын  әкеледі .

   Осы жылы  балабақшамыздың мерейтойын  атап өте алмаймыз ,қалыптасқан жағдайларға байланысты . Бірақ онлайн құттықтаулар кез-келген түрде қабылданады. Барлық оқиғаларды біздің Instagram парағымыздан көре аласыздар.

/public/files/2020/12/13/131220_001334_detsadgagarina331607795302119.mp4

Просмотров: 293


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст