«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы  Көкшетау қаласының Ю.А.Гагарин атындағы балабақшасы» МКҚК
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад им. Ю.А.Гагарина» при акимате города Кокшетау 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қамқоршылық кеңесінің жоспары 2025 жыл

Мектепке дейінгі ұйымның Қамқоршылық кеңесінің
2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспары

 

Іс-шаралар

Мерзімдер

Жауаптылар

1. Ұйымдастыру жұмысы

1.1

1. «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355-бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2023 жылғы 1 наурыздағы № 56-бұйрығымен бекітілген, Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібімен танысу.

2. Қамқоршылық кеңестің құрамын қалыптастыру.

3. Қамқоршылық кеңестің 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекіту.

4. Мектепке дейінгі ұйымды 2024-2025 оқу жылының қысқы кезеңіндегі жұмысқа дайындау туралы.

Қазан

Қамқоршылық кеңестің төрағасы,

Қамқоршылық кеңестің мүшелері

  1.2

 

 

 

1. МДҰ дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында Мектепке дейінгі ұйымның 2024-2025 оқу жылына арналған. Даму бағдарламасы және жылдық жұмыс жоспарымен танысу.

2. Тиімді тамақтануды ұйымдастыру үшін оңтайлы жағдайлар жасау.

 

 

Желтоқсан

 

Қамқоршылық кеңестің төрағасы,

Қамқоршылық кеңестің мүшелері

1.3

1. Наурызнаманы мерекелеуге дайындық, ұйымдастыру және өткізу.

2. МДҰ ғимаратын абаттандыру жұмыстарын және аумағын көгалдандыруды ұйымдастыру. Көгалдандыру бойынша еріктілер жұмысын ұйымдастыру, «Жасыл табиғат» челленджіне қатысу.

3. Мектеп жасына дейінгі балалар және ата-аналармен бірге «Эко-десант» ұйымдастыру.

4. МДҰ-да «Кітап оқуды» ұйымдастыру және өткізу, топтарда кітап бұрыштарын жабдықтау.

Наурыз

Қамқоршылық кеңестің төрағасы,

Қамқоршылық кеңестің мүшелері

1.4

1. Мектепке дейінгі ұйымда жазғы сауықтыру кезеңін ұйымдастыру және келісу.

2. Мектепке дейінгі ұйым әкімшілігінің немесе облыстың (аудандық/қалалық) Білім басқармасына Қамқоршылық кеңес мектепке дейінгі ұйымның жұмысынан анықтаған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізу.

Мамыр

Қамқоршылық кеңестің төрағасы,

Қамқоршылық кеңестің мүшелері

 

 

 

 

 

 

 


Текст