КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№ 14 ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "СРЕДНЯЯ ШКОЛА № 14" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОКШЕТАУ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Менің кіші Отаным – Көкшетау»

27.03.2026

№5 «Балбөбек» тобында танымдық әрі өте жылы «Менің кіші Отаным – Көкшетау» атты жоба өтті.

Жобаның мақсаты: 4 жастағы балаларда туған қаласы Көкшетау туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру. Балалардың әртүрлі іс-әрекеттері арқылы өз кіші Отанына деген сүйіспеншілік пен бауырмалдық сезімін дамыту.

Бір ай бойы балаларымыз туған қаламен танысты: оның көшелерін білді, көрікті жерлерін тамашалады, Отан туралы әңгімелер мен өлеңдер тыңдады.

Балалар қызығушылықпен әңгімелерге, ойындарға қатысты, бейнероликтер көрді, өз үйлерін, сүйікті орындарын суретке салып, «Біздің қала» атты ұжымдық жұмыс жасады.

Ең құндысы — жобаға ата-аналар да белсенді түрде қатысты.
«Көкшетау қаласының көшелерінде» атты тамаша фотокөрме ұйымдастырылды.

Бұл жоба балаларға мынаны сезінуге көмектесті:
✨ олардың қай жерде тұратынын
✨ өз қаласының қаншалықты әдемі екенін
✨ және өз кіші Отанын сүю мен қорғаудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті.

 

Просмотров: 4100


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст