«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының Ю.А.Гагарин атындағы балабақшасы» МКҚК
ГККП «Детский сад имени Ю.А.Гагарина города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сұрақ-жауап

Ата-аналардан жиi қойылатын сұрақтар

  1. Менiң балам қараша айында 6 жасқа толады, 1 қыркүйекте бiрiншi сыныпқа бару мiндеттi ме?
  2. Менiң балам 6 жастан асқан, бiрақ әрiптердi әлi бiлмейдi, мектеп қабылдайды ма?
  3. Бала бiрiншi сыныпқа неше жастан баруы қажет?
  4. Мектепке қабылдайтын кезде мектеп бала дайындығына қандай талаптар қояды?
  5. Бала мектепке оқып және жазып барғаны мiндеттi ме?
  6. Баланы мектепке қай жерде дайындауға болады?
  7. Жасы бойынша менiң балам қыркүйекте 1 сыныпқа баруы керек, бiрақ баламның дайындығы жеткiлiксiз сияқты, не iстеуiм қажет?
  8. Мен өзiм көпбалалы анамын, баламды ақылы дайындық орталықтарына беруге жағдайым келмейдi, маған қандай кеңес бересiз?
  9. Менiң балам ерекше бiлiмдi қажет ететiн бала бiрiншi қыркүйекте 1 сыныпқа беру үшiн арнайы қандай құжат дайындауым керек?
  10. Баланың қолын жазуға дайындау үшiн қандай кеңес берер едiңiз?

Ата-аналардың жиi қоятын сұрақтарының жауаптары

  1. Жаңа оқу жылынан бастап қыркүйек айында толық алты жасқа толған және ағымдағы жылы алты жасқа толатын балалар ата-аналардың қалауымен мектепке оқуға қабылданатын болады.
  2. Мектеп дыбыстар мен әрiптердi 1 сыныпта үйретедi.
  3. Ағымдағы жылда 6 жасқа толатын балалар ата-ананың қалауымен мектепке қабылданады.
  4. Балаңыз мектепке барған кезде мектепте баланың дайындығына арнайы талаптар қойылмайды, ең бастысы, баланың мектепке баруға деген қызығушылығы мен ынтасы бар, құрбыларымен және ересектермен тiлдесе бiлетiн, тапсырманы қабылдай алатын, басқалармен бiрге әрекет ете алатын, өзi мен отбасы айналасындағы қоршаған орта туралы қарапайым түсiнiктерi бар барлық балалар мектепке оқуға қабылданады.
  5. Бала мектепке барғанда барлық дыбыстар мен әрiптердi танып, оқып және жазып баруы қажет деген жансақ пiкiрден аулақ болыңыз, бала мектепке барғанда дыбыстарды дұрыс айта алатын болса және берiлген сөздерге сөйлемдер құраса және Сiздiң оқып берген қысқаша мәтiндерiңiз бен ертегiлерiңiздi қайталап айтып берiп, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап берсе, сурет сала бiлсе, сондай-ақ қағаз бетiн бағдарлай бiлсе, Ciздiң балаңыз мектепте берiлетiн бiлiмдi игеруге дайын екенiн бiлдiредi.
  6. Баланы мектепке дайындау негiзi отбасында, балабақшада және мектептердiң даярлық сыныптарында және мектеп жанынан ашылған қысқа мерзiмдi «Балақайлар мектебiнде» жүзеге асырылады.
  7. Балаңызды мектепке дайын емес деп ойласаңыз, онда мектеп жанынан ашылған қысқа мерзiмдi «Балақайлар мектебiне» беруге кеңес беремiз.
  8. Бүгiнде барлық мектеп жанынан қысқа мерзiмдi «Балақайлар мектебi» ашылған, балаларды 1 сыныпқа дайындайды, балаңызды аталған мектепке беруге кеңес беремiз.
  9. Ерекше бiлiм берудi қажет ететiн балалар 1 сыныпқа ПМПК қорытындысымен қабылданады.
  10. Үй жағдайында баланың қолын жазуға дайындау үшiн дайын суреттердiң жиегiн бастырып сызуға, боямақтарды бояуға және сурет салғызуға болады.
Жаңартылған күні: 17.10.2020 05:00
Құрылған күні: 17.10.2020 05:05

Текст