Текст
27.04.2026
№8 «Ғарыш» тобында мектеп пен балабақша арасындағы сабақтастық бағдарламасын жүзеге асыру аясында №6 мектеп-лицей мұғалімдерінің қатысуымен қорытынды ұйымдастырылған іс-әрекеттері өтті.
Мектеп педагогтері болашақ бірінші сынып оқушыларының дайындық деңгейімен танысып, мектепке дейінгі кезеңде қалыптасқан тәрбиеленушілердің білімдерін, біліктері мен дағдыларын көре алды. Балалар өз жетістіктерін, белсенділігін, дербестігін, топта жұмыс істеу және оқу тапсырмаларын орындау қабілеттерін көрсетті. Осындай кездесулер балалардың мектеп өміріне сәтті бейімделуіне ықпал етеді, балабақша мен мектеп педагогтері арасындағы ынтымақтастықты нығайтады және тәрбиеленушілердің білім берудің жаңа сатысына біртіндеп өтуін қамтамасыз етеді.