№ 1 Екінші кіші тобына арналған ертеңгілік
Тақырыбы: «Айналайын ақ мамам!!!»
Мақсаты: Балалардың 8 наурыз мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру. Мерекелік көңіл – күй ортасын ұйымдастыру. Образдық бейнелерді сомдай білуге үйрету, хормен ән айту шеберліктерін арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен, ырғақты сақтай орындауға төселдіру.
Білімділік: Мерекелік көңіл-күйін құру. Ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру. 8 наурыз мерекесі туралы білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: Балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру . Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, ой өрістерін кеңейту.
Тәрбиелік: Өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Анасына, әжесіне сыйластық тәрбиелеу, махаббат тарту.
Пәнаралық байланыс: Музыка, тіл дамыту, айналамен танысу, би өнері.
Ертеңілікке жауаптылар:
Жүргізуші: А. Ж. Сейткасымова
Сайқымазақ: Б. Х. Муканбетова
Музыка жетекшісі: М. Е. Сундетов
Би жетекшісі: С. Б. Ташимова
Орындалатын әндер: Жауапты: Музыка жетекшісі: М. Е. Сундетов
Орындалатын билер: Жауапты: Би жетекшісі: С. Б. Ташимова
Ойын: Жауапты: Б. Х. Муканбетова
Көрнекілік: (Сабын көпіршіктерін жару)
КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ
«Ю.А. ГАГАРИН ат. № 33 БАЛА БАҚШАСЫ» МКҚК
«Айналайын ақ мамам!!!»
«№ 1 Екінші кіші тобына арналған ертеңгілік»
Құрастырған: №1топ тәрбиешісі:
Муканбетова Б. Х.
Көкшетау қаласы.
Музыка әуенімен балалар қол ұстасып, әуен залына кіреді.
Жүргізуші:
Ел жатқанда жатпаған,
Мен деп тыным таппаған,
Бақыты үшін баланың,
Аман сау бол, ақ мамам, - осындай әдемі әндер балалардың аузынан түспей мәңгі айтыла берсін.
Бүгінгі 8 наурыз –халықаралық әйелдер күні құтты болсын. Аяулы аналар, құрметті апалар, әжелер! Бүгін біз көктемнің алғашқы мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. Ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларыңызға қуаныш пен амандық тілейміз.
- Ал сендер, балалар, аналарың мен апаларынның мерекелерімен құттықтауға дайынсыңдар ма? /ия/
Жүргізуші:
- Қазір жылдың мезгілі көктем. Мерекелік ертеңгілікті «Көктем келді» әдемі әнімізден бастайық!
Ән «Көктем келтді»
Көктем келді тамаша,
Ойнайықшы жаңаша
Ля ля ля, Ля ля ля
Ойнайықшы жаңаша
Бақшаға біз барамыз,
Ойнап күліп аламыз.
Ля ля ля, Ля ля ля
Ойнап күліп аламыз.
Жүргізуші: Біздің балалардан сіздерге арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар. Ортаға Кирилл, Полина, София, Олег, Егор, Рамина, Санжар, Ерасылды шақырамыз.
Құстар келіп көктемде
Ағаштар да гүлдеді.
Қырдан теріп қызғалдақ
Апам үйге әкелді.
Қандай қызық көктемде
Күн шуағын төккенде,
Гүл тереміз алуан
Шығып алып көк белге.
Мәпелеп мені өсірген
Ризамын мен өзіңе.
Ана деген керемет,
Сыйлап өтем өмірде.
Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім
Қартаймашы анашым.
Құтты болсын! Құтты болсын!
Құтты болсын, Мерекең!
Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Бізді ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
Анам кетсе жұмысқа
Анашымды сағынам.
Құлағына сыбырлап
Анама арнап ән салам.
Ана пана,
Ана дана.
Өмірді әкелетін,
Ана ғана!!!
Жүргізуші:
Қарсалыңыздар «Біз жұлдыздармыз» биі.
Би: «Біз жұлдыздармыз»
Жүргізуші:
Біздің ұлдарымыз қыздарға тосын сый дайындап келді. Арнайы қыздарға қонақты шақырды. Бүгінгі біздің мерекеміздің қонағын ортаға шақырайық.
(Бәрі шапалақтайды. Залға сайқымазақ келеді.)
Сайқымазақ:
Сәлеметсіңдер ме, достар! Сәлеметсіздер ме, қымбатты әжелер,аналар! Мені № 1 тобының ұлдары шақырды.
Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Сайқымазақ!
Сайқымазақ: Менің атым Тили Вили. Мен сендерге сонау Америкадан келдім. Хелоу! Хелоу! Хелоу! (балалардың қолынан ұстап амандасады).Мен бүгін мереке бойы сендерді күлдіртіп, көңіл күйлеріңді көтеремін.
Сайықмазақ: Ал сендер ойнағыларың келеме? Онда орнымыздан тұрайық. Сабын көпіршіктерімен ойнайық.
Ойын: «Сабын көпіршіктерін жару»
Сайықмазақ: Мына балалар өздері қандай тамаша. Кәнекей орнымызға отырайық. Балалар қандай мерекені тойлап жатырсыңдар?
Балалар: Аналар мерекесі.
Жүргізуші: Балалар бүгін тек аналарымыздың ғана емес, сонымен қатар әжелеріміздің де мерекесі. Ортаға Валерияны шақырамыз.
Валерия:
Алло, әже? Мерекеңізбен құттықтаймын. Айтатын әнім бар, беретін гүлім бар. Әже сізді қатты сағындым. Жаз болсын, бар сыйлығымды алып барамын.
Жүргізуші:
Әжелерімізге де жүрек жарды тілектерімізді айтайық. Ортаға Анастасия, Амира Б., шақырамыз
Әжелерге арналған тақпақтар.
Менің әжем, бұл әже
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әже.
Менің әжем, гүл әжем
Алтын әжем, күн әжем
Анам үшін мен үшін
Нағыз ана тілі әжем.
Сайқымазақ:
Ал мен ән айтқым келіп тұр!!! Әнді жақсы айтамын, маған микрофон беріңіз, музыканы қосыңыз...(музыка ойнайды, сайқымазақ ырғағына қарамай біресе төмен, біресе жоғары айтады)
Жүргізуші: Тили Вили сен босқа өз тамағыңды шаршатпа. Біздің балалар өлең айта алады..
Ән: «Менің әжем»
1.Бізді жақсы көрген,
Ертегі айтып берген
Ля ля ля Ля ля ля
Қйырмасы:
Әжем менің қандай,
Әжем менің айдай.
Ля ля ля Ля ля ля
2.Бақшаға бір барған,
Бізді күтіп алған.
Ля ля ля Ля ля ля
Қйырмасы:
Әжем менің қандай,
Әжем менің айдай.
Ля ля ля Ля ля ля
Сайқымазақ: Ой! Ой! Маған не болды, қол аяғым тыңдамай билеп кетті. Ааааааа ол қыздар әжелерге арнап би сыйлаймыз дейді... Сонымен, құрметті әжелер! Қыздардың орындауында «Қызыл телпек» биі, қабыл алыңыздар.
Біздің биші қыздарды Амира Б., Алина, Рамина, Валерия, Амира Т, Анастасия ортаға шақырамыз!
Би: «Қызыл телпек»
Жүргізуші: Кезегімізді аналарға арналған тақпақтарға берелік. Ортаға Амира Т., Аулым, Алина, Аян, Александр, Арислан, Валерия шығады.
Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ анам!
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз.
Ақ мамамды әрқашан,
Сағынамын, сыйлаймын.
Мейрам сайын мен оған,
Түрлі сыйлық сыйлаймын.
Мен анамды сүйемін,
Сөзің ойға түйемін.
Анашымды ардақтап,
Басымды оған иемін.
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар.
Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
Жүргізуші: Құрметті аналар сіздермен ойнайтын да кезек келді! Өз балаңызды қалай жақсы көретіңізді білгіміз келіп тұр. Тилли Вилли ойын шартымен таныстыр.
Сайқымазақ: Бізге екі ана ортаға шығыңыз. Балаларыңыз қарама қарсы тұрады, бір еркелетіп жұбататын жұмсақ сөз айтасыз – бір қадам балаңызға қарай жасайсыз, қай ана бірінші баласына жетеді сол жеңді. (Ойын біткен соң Сайқымазақ аналарға гүл сыйлап орнына дейін апарады.)
Сайқымазақ: Аналармен тағы бір ойын ойнағым келеді! Мен бір сөз айтамын Сіздер ол сөзді балаңызға жылулықпен ату керексіз. Мысалы: мен АЙ десем, сіз АЙЫМ дейсіз.
Жүргізуші: Ендеше құрметті қонақтар «Тентегім» атты балалардың биінтамашалайық.
Би: «Тентегім»
Жүргізуші:
Біздің балалар керемет әншілер. Аналарға деген әндері бар. «Нұрын төккен маған» деген әнді қабыл алыңыз, құрметті алалар!
Ән: «Нұрын төккен маған»
Сайқымазақ:
Жүргізуші: - Рахмет, саған сайқымазақ. Сен бүгін бізді қызықтырып жүрдің.
Сайқымазақ: - Иә, біз сондаймыз. Біз көп ойындар, әндер де, билер де білеміз, және біз фокустар көрсете аламыз. Сендерге де қазір фокус көрсетемін.
Фокустар:
Гүлмен. Бір гүлді қорапшаға салып, айтады: «Қазір осы гүл басқа түске боянады». (Шығарса, боянбапты.)
- Ой, неге боянбайды.
Жүргізуші: - сиқырлы сөздерді айту керек қой. Балалар, қандай сиқырлы сөздерді білесіңдер.
Балалар айтады.
Сайқымазақ:
- Фокус, мокус, ахалай, махалай (Қорапшаның ішіне қараса, ішінде бір емес көп гүлдер жатыр екен.) Балалар, қараңдар қорап іші гүлге толды. Ооо маған бір жақсы ой келді! Аналарға осы гүлдерді сыйлайық.
Хормен балалар айтады:
Бөбегіңнің сыйлығын
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым
Жүргізуші:
- Ал енді, біздің аналарға арналған сыйлықтарды қабыл етіңіздер.
Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық! Алтын уақыттарынызды бөліп келгендерінізге көптен көп рахмет.