Текст
08.05.2026
2026 жылдың 30 наурыз күні балабақшада мектепалды топтарының ата-аналарына арналған жиналыс өтті.
Тақырыбы: «Мектепке дейінгі ұйымнан шығару және 1-сыныпқа қабылдау туралы ақпарат».
Кездесу барысында ата-аналарға балаларды балабақшадан шығару тәртібі, сондай-ақ 1-сыныпқа қабылдаудың негізгі кезеңдері мен ережелері туралы ақпарат берілді. Мектепке қабылдау үшін құжаттарды тапсыру мерзімдері түсіндірілді.
Ата-аналарға балаларды мектепке дайындау кезеңінде қолдау көрсету бойынша ұсыныстар берілді: баланың дербестігін, танымдық белсенділігін, сөйлеу тілін, шыдамдылығын және қарым-қатынас дағдыларын дамытуға көңіл бөлу қажеттілігі айтылды.
Сондай-ақ ата-аналардың барлық сұрақтарына толық жауап берілді.