Балабақшада сауаттылыққа тәрбиелеу – ол бастауыш мектепке жазуды және оқуды меңгеруге дайындалудың мақсатты, жүйелі процессі. Бастапқы кезеңде балаларға дауысты дыбыстарды естіп үйрету маңызды, бұл дыбыс құрылымының бұзылуын болдырмауға және оның дұрыс жазылуына көмектеседі. Дауысты дыбыстардың дұрыс айтылуының арқасында айтылу мәнері, дикциясы қалыптасады.