Балабақша мен отбасының ынтымақтастығы мектеп жасына дейінгі баланы сәтті тәрбиелеудің қажетті шарты болып табылады.
2022 жылғы 14 сәуірде біздің балабақшамыздың базасында мектепалды даярлық топтарының ата-аналарына арналған «Міне, біз бір жылға есейдік», «Біздің балаларымыздың жетістіктері» тақырыбында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.
Әкімшілік, балабақша педагогтары мен ата-аналар арасында осындай мәселелер талқыланды
1. 2021-2022 оқу жылының қорытындылары мен тәрбиеленушілердің жетістіктері талқыланды.
2. Оқу жылының соңынын ең жарқын және есте қаларлық сәттер еске алынды.
3. Олар жыл бойына туындаған ең қиын сәттерге назар аударды.
4. Тәрбиенушілер өміріне, сондай-ақ балабақша өміріне белсенді қатысқан ата-аналарға алғыс білдірді.
5. Түлектердің балабақшада болу мерзімдері, сондай-ақ ертеңгіліктерін өткізілуі туралы талқыланды.
6. Ата-аналарды Көкшетау қаласындағы №6 мектептің бастауыш сынып мұғалімдерінің ұсыныстарымен таныстырды.
Ата-аналар жиналысы жағымды, жылы ортада өтті. Қатысушылар арасындағы байланыс оңай және сенімді болды. Ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтар қойды, ал әкімшілік пен тәрбиешілер оларға сауатты жауап берді.