Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы сабақтастық мәселесі барлық уақытта өзекті. Сабақтастық ұғымы, дамудың әртүрлі кезеңдері арасындағы байланыс яғни бұл әр жас кезеңі үшін жалпы және нақты тәрбиелеу және оқытудың үздіксіз процесі ретінде түсіндіріледі. Қазіргі уақытта білім беру ортасының сабақтастығы мен тұтастығын сақтау қажеттілігі Қазақстандағы білім беруді дамытудың маңызды басымдықтарының бірі болып табылатыны кездейсоқ емес. Біздің МДҰ үшін басым бағыттардың бірі тәрбиеленушілерді мектепке дайындау, балаларды жалпы білім беру мекемелерінде оқыту үшін, бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан біз мектептің бастауыш буынымен тығыз ынтымақтастықта болуға тырысамыз.
4 сәуірде біздің педагогикалық ұжымымыз №6 орта мектебінің меңгерушісі Назгүл Зейнуллиновнамен кездесті. Мектепалды даярлық топтарының тәрбиешілері мен мектеп педагогтарымен мектепке дайындау мәселелері талқыланды. Әдіскер Н.Н. Суворкова мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасынан күтілетін нәтижелерімен таныстырды, тәрбиешілер балаларды балабақшада не үйрету керектігін түсіндірді. Назгүл Зейнуллақызы, тәрбиешілерге мектеп жасына дейінгі балаларды жақсы дайындаған үшін алғыс айтты. Бірлесіп одан әрі ынтымақтастық бойынша ұсыныстар әзірледі.