«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының Ю.А.Гагарин атындағы балабақшасы» МКҚК
ГККП «Детский сад имени Ю.А.Гагарина города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тілдер онкүндігі «Мәңгілік ел - Мәңгілік тіл»

22.09.2020

«Ю.А.Гагарин атындағы №33 бала бақшасында»Тілдер мерекесіне байланысты біраз іс-шаралар мен жұмыстар жүргізілді. Іс-шара жұмыстарына тәрбиеленушілер  мен педагогтар белсене қатысып, жұмыла жұмыс жасады. Тіліміздің қанатын кеңге жаюға басқа ұлт өкілдерінің балалары да өз үлестерін қосты. Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері тіл мерекесіне арналған «Мәңгілік ел - Мәңгілік тіл» атты онкүндіктің ашылу рәсімінде өткізілетін жұмыстар жоспарымен таныстырды. Әр күні өткізілген іс-шараларға белсенділік танытылып отырды.

  Педагог –психолог Г.В.Завгорульдың бастамасымен «Тілім менің – тірлігімнің тірегі» атты челлендж өткізіліп, инстаграмм парақшасына шығарылды. Бұл жерде әр педагог ерекшеленіп, өз тілінде тіл туралы қанатты сөздерді ұсынды. Ересек және мектепалды даярлық топтарында «Тілім - менің тірегім» атты тақырыптық сағаттар өткізіліп, тіл қасиеті мен құдіретітуралы балаларға айтылды. Педагогтар үшін «Рухани жаңғыру – Мәңгілік тіл» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, Қоғамдағы мемлекеттік тіл жөнінде өзекті сұрақтар талқыланды. «Менің тілім – ғажап тіл»  тақырыбында педагогтар өз эсселерін ұсынды. А.К.Кадырбаева ұйымдастырған «1001 мақал – 101 жұмбақ» сайысыда өз жеңімпаздарын тапты. Балабақшамыздың денешынықтыру нұсқаушылары Тамара Александровна мен Ернар Мыңжасарұлы әлем ұлттарының ойындарынан спорттық жарыс өткізді. Қазақ тілі мұғалімі Н.Е.Акишева «Тіл Time» тақырыбында мектепалды даярлық топтарына ойын-сауық ұйымдастырды.    

  Онкүндіктің жабылу салтанаты «Тілге құрмет – елге құрмет» атты интеллектуалды жарыспен өз мәресіне жетті. 

  Осы уақыт аясында іс-шараларға белсене қатысқандары үшін балабақша педагогтары мен тәрбиеленушілеріне алғыс білдіреміз.

Просмотров: 291


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст