Текст
30.09.2026
Балабақшамызда Тілдер апталығының салтанатты ашылуы өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың түрлі тілдерге, әр халықтың мәдениеті мен салт-дәстүріне деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиеленушілер қазақ және ағылшын тілдерінде әндер орындап, өлеңдер оқып, сондай-ақ әсем билерін ұсынды.
Шара барысында ана тіліне деген құрметке, мәдени мұраға, достық пен бірлік құндылықтарына ерекше көңіл бөлінді.
Тілдер апталығы тәрбиеленушілеріміз үшін жаңа білімге, қызықты жаңалықтарға, жарқын ашылымдар мен жақсы әсерлерге толы болсын!