«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының Ю.А.Гагарин атындағы балабақшасы» МКҚК
ГККП «Детский сад имени Ю.А.Гагарина города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгіліктер

14.03.2024

Жерді әлі қар басып жатса, ал күнтізбеде  көктем айы! Жылдың бұл тамаша мезгілі,көктем айын әйелдер мерекесі ашады. 2024 жылдың 1-7 наурызынан бастап біздің «Ю. А. Гагарин» атындағы балабақшада ертеңгіліктер өтті.

8 наурыз-балалар жақсы көретін және сүйікті аналарын, әжелерін, әпкелерін құттықтауды күтетін мереке.

Мерекенің мақсаты: жақын адамдарға деген мейрімді, достық қарым-қатынас пен сүйіспеншілікті тәрбиелеу, әр түрлі іс-шаралар арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін ашу.

Мерекеде балалар көктем туралы өлеңдер оқып, «Амның әні», «Көктем», «Менің әжем», «Біздің әжелеріміз» әндерін шырқап, би биледі. Сондай-ақ, шағын көріністер көрсетілді. Аналардың қатысуымен «Аспазшы», «Анама көмектесем», «Гүл шоғын жина», «Өз баланды таны» ойындар ойналды. Сайыстар мен жарыстарыкөңілді өтті. Мереке соңында балалар аналарына өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын сыйлады. Мереке жылы атмосферада өтті. Қатысушылар мен қонақтар көптеген әсерлерге ие болды және барлық мереке күндері жағымды эмоцияларға ие болды.

Просмотров: 1595


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст