КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№ 14 ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "СРЕДНЯЯ ШКОЛА № 14" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОКШЕТАУ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жоба: «Оқырман отбасы»

22.01.2023

9-20 қаңтар аралығында біздің балабақшада «Оқырман отбасы» тақырыбында жоба жүзеге асырылды.
Жобаның негізгі мақсаты: балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыру, ата-аналар мен балалар, отбасы мен балабақша арасындағы тығыз байланысты нығайту. 
Жоба қатысушылары жоғары белсенділік танытты. Балалар мен ата-аналар көптеген жаңа ертегілер мен әңгімелер оқыды, сурет салды, аппликация жасады, өлеңдер оқыды, сүйікті ертегілерін театрландыруға қатысты. 
«Біз ертегілерді оқимыз» суреттер көрмесі  ұйымдастырылды, «Кітап оқу-отбасынан» фотокөрмесі, «Менің сүйікті кітабым» кітап көрмесі дайындалды, ересек және мектепалды балалары мен ата-аналар М. Жұмабаев атындағы қалалық  кітапханаға барды. Жобаның қорытындысы бойынша №3 «Радуга» тобы  «Әдеби калейдоскоп» ұйымдастырылған іс-шараны ұйымдастырса ал , №4 «Почемучка», №5 «Солнышко», №9 «Капелька» тобының тәрбиенушілері «Жадина», «Айболит», «Колобок» ертегісінің қойылымын қойып басқа топ тәрбиенушілерімен балабақша қызметкерлеріне және ата-аналарға тосын сый сыйлады. 
Ата-аналарға жемісті жұмыс үшін рахмет, одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеміз.

 

Просмотров: 641


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст