Тіл - халықтың қазынасы, ұлттың мұрасы. Тіл тағдыры-ұлт тағдыры. Бұл сөзге жасанды жанашырлықпен емес,терең түсінікпен қарауға тиіспіз. Осыған сәйкес 2022 жылдың 06 – 13 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне орай балабақшада апталық өткізілді. «Тіл – асыл қазына» атты апталықты өткізу жөнінде жоспар құрылды. Тіл апталығының ашылуы 2022 жылдың 06 қыркүйегінде басталды. Бірінші күні ақпараттық стенд, әр топқа апталықтың өткізілуі туралы хабарландырулар ілініп, тіл туралы мәліметтер топ бұрыштарына ілінді. 07- 13 қыркүйек аралығында келесі іс-шаралар өткізілді. Мектепалды даярлық топ балалары түрлі халықтар ертегілерімен танысты. Оқылған және көрсетілген ертегілер балалардың көңілінен шықты.
«Тіл- әр ұлттың ең ұлы анасы» атты суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Бұл сайысқа 5-6 жас аралығындағы балалар қатысып, өз өнерлерін көрсетті. «Ұлт ұстазы- Ахмет Байтурсынов» ақынның 150 жылдығына орай қызметкерлердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Түрлі ұлт ойындар жарысы өткізілді. Жарыстың басында әр топ өздерін таныстырып, ұрандарын айтумен бастады. Әр топ өздерін жан-жақты танныта білді. «Қазақшан қалай, балақай» мектепалды даярлық тобы үшін ойын- сауық ұйымдастырылды.