Біздегі жаңалықтар
7 – мамыр Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні, бейбітшілік және еске алу мерекесі. Осы мерекелерді атап өту үшін біздің балабақшада балалармен адамгершілік-патриоттық тәрбие бойынша қызықты да, мазмұнды жұмыстар жасалды.
Іс-шараның мақсаты: балаларға соғыс тарихы бойынша мәліметтер беру,Отанға деген сүйіспеншілікті, соғысты енді болдырмауды,соғыста қаза болғандарды ұмытпау керектігін ұғындыру, қалыптастыру. Ұлы Жеңіс күнін атап өту үшін шығармашылық топ өтілетін іс-шара жоспарын құрды. Балабақша ғимратының қасбетіне «Жеңіс күні» баннері ілінді. Музыка залы тақырыпқа сай безендірілді. Топ бөлмелерінде балалармен педагогтардың бірлесіп жасаған ұжымдық жұмыстары қойылды. Әр топта ата-аналарға арналған мерекелік құттықтаулар ілінді. Жоспар бойынша мереке қарасаңында әр топта балалармен әңгіме жүргізілді,слайдтар көрсетілді, тақпақтар жатталып, әңгімелер оқылды.
Ортаңғы топтарда аралас түрде сабақтар жүргізілді, мысалы №11 топта аппликация сабағында балалармен соғыс кезінде ұшқыштардың ерлігі туралы көрнекіліктер арқылы айтылды, сабақ барысында балалар қағаздан ұшақ жасап шығарды. Әр бала өз жұмыстарын мақтанышпен көрсетті.
Ересектер топтарының балаларымен «Біз Отанды қорғауға дайынбыз!» атты спорттық ойын-сауық өтілді. Бейнелеу өнері бойынша үйірмеге қатысатын балалар «Бізге бейбітшілікті кім әкелді» тақырыбына сурет салып, көрме ұйымдастырды. Мерекелік апталықтың соңында ересектер мен мектепалды даярлық топтарының қатысуымен «Жеңіс күні» фестивалі өтілді, мереке барысында балалар тақырыпқа сай мәнерлеп тақпақтар айтты, әндер шырқады, би биленді.
Осы мереке барысында барлық өтілген іс-шаралар біздің балалардың патриоттық сезімдерін; Отанға деген сүйіспеншіліктерін, Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларды есімізге сақтауды тәрбиелеуге көмегін берді деп айтуға болады.