Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Ю.А.Гагарин атындағы балабақша" МКҚК әдіскер лауазымының бос орнына ашық конкурс жариялайды
Лауазымдық жалақы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 110 000 теңгеден
Лауазымдық міндеттері: Білім беру қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
Оқу, оқу-тақырыптық жоспарлар және бағдарламаларды құрастырады.
Балаларға арналған білім беру бағдарламаларын таңдауға (әзірлеуге) қатысады.
Жас ерекшелік топтары бойынша сабақты жасайды.
Тәрбие мен оқытудың мазмұнын, нысанын, әдістері мен құралдарын анықтауға көмек көрсетеді.
Оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады.
Жаңартылған педагогикалық тәжірибелерді анықтауды, зерделеуді, таратуды және енгізуді қамтамасыз етеді.
Оқу әдістемелік құралдармен, ойындармен, ойыншықтармен топтарды жабдықтауды ұйымдастырады.
Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарының жағдайына талдау жасайды.
Тәрбиешілер үшін ашық сабақтар, семинарлар, жеке және топ бойынша консультациялар, конкурстар мен көрмелер өткізеді, шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастырады.
Оқу-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің деректер банкін жүргізеді, есепке алу және есеп беру құжаттамаларын уақытылы ресімдейді.
Тәрбиешілердің, психологтардың, логопедтердің, музыкалық жетекшілердің, басқа да ұйым мамандарының өзара әрекеттесуін үйлестіреді.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің қызметін үйлестіреді.
Тәрбиеші лауазымына және олардың көмекшілеріне кадрларды іріктеу бойынша ұсыныстар енгізеді.
Біліктілікті арттыру және біліктілік санаттарын беру (растау), педагогтарды аттестаттау бойынша жұмысты үйлестіреді.
Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізу.
10. Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді,
мектепке дейінгі оқыту мен білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын,
дидактика принциптерін, педагогика негіздерін, психологияны, жалпы және жеке оқыту және тәрбиелеу әдістерін,
еңбек туралы заңнама негіздерін, еңбекті қорғау нормалары мен ережелерін, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын,
әдістемелік және ақпараттық материалдың жүйелендірудің қағидаларын.
11. Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлау курстарынан өткенін растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік білімі; мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде - соңғы 5 жылдан кем емес, ауылдық жерде - соңғы 3 жылдан кем емес;
педагог-шебер үшін тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім; мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде - соңғы 5 жылдан кем емес, ауылдық жерде - соңғы 3 жылдан кем емес;
педагог-модератор, педагог-эксперт, педагог-зерттеуші үшін бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар жағдайда педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде - соңғы 5 жылдан кем емес, ауылдық жерде - соңғы 3 жылдан кем емес.
12. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог" (санаты жоқ):
Мектепке дейінгі ұйым әдіскеріне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы керек:
Үлгілік оқу жоспарының, Үлгілік оқу бағдарламаның мазмұны мен құрылымын білу, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың әдістері туралы білімі, балалардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру;
мектепке дейінгі жылдық жоспар құру және әдістемелік жұмысты ұйымдастыру;
балалардың дағдыларын дамыту сапасын бақылау;
білім беру ұйымы деңгейінде іс-шаралар ұйымдастырады; меншікті ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті білу.
2) "педагог-модератор":
Санаты жоқ "педагог" санатына қойылатын жалпы талаптарға жауапты болуы керек:
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың әдіснамасын білуі керек;
ұзақ мерзімді жоспар мен циклограмма жасау;
инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану;
әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың жұмысын ұйымдастыру;
педагогтерге инновациялық технологияларды практикада қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсету;
өзінің кәсіби біліктілігін арттыру;
меншікті ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігін білу.
3) "педагог-сарапшы":
"педагог-модератор" санатына қойылатын жалпы талаптарға сәйкес келуі керек:
ұзақ мерзімді жоспар мен циклограмма жасау;
балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыруды талдау дағдыларына ие болу;
тәрбиешілердің аудандық, қалалық кәсіби жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;
әдістемелік бірлестіктер, кеңестер, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру;
педагогтердің біліктілігін арттыру;
аудандық/қалалық деңгейдегі ұйым педагогтердің жеке және тәжірибелерін жинақтау, меншікті ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілік.
4) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" санатына қойылатын жалпы талаптарға жауапты болуы керек, сонымен қатар:
аудандық, қалалық әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың жұмысына қатысу;
педагогтердің зерттеу құзіреттілігін дамыту;
педагогтердің қалалық және облыстық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етуге; аудандық, қалалық және облыстық деңгейде әдістемелік жұмыстың тәжірибесін ұсыну;
практикалық тәлімгерлік;
көпшілік алдында сөйлеу және аудиториямен қарым-қатынас жасау дағдыларына ие болу;
мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заманауи әдістерін қолдануға шығармашылық ізденістер жүргізу; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың әдістемелік әзірлемелері бар.
5) "педагог-шебер":
"педагог-зерттеуші" санатына қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі керек, сонымен қатар:
ұлттық және халықаралық деңгейдегі әдістемелік семинарлар мен конференциялардың жұмысына қатысу;
оқу, тәрбие әдістерін, оқу бағдарламаларын әзірлеу дағдыларын білу;
тәрбиешілердің облыстық және республикалық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;
практикалық тәлімгерлік және педагогикалық қоғамдастықтың даму стратегиясын конструктивті түрде анықтау;
облыстық оқу-әдістемелік кеңесінде немесе Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданған, әдістемелік құжаттардың болуы;
ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету,
тәлімгерлікті қамтамасыз ету және облыстық деңгейде кәсіби қоғамдастық желісін дамыту; республикалық және халықаралық жарыстарға қатысу.
Конкурс "Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрығы негізінде өткізіледі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Құжаттардың біреуінің болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.
Кандидат болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды кандидат білім беру ұйымының ресми сайтында хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі мекенжай бойынша ұсынуы тиіс:
020000. Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Ақан-сері көшесі 157, анықтама телефоны: 72-23-13, gagarin_metod@mail.ru