Текст
27.07.2026
№11 «Айгөлек» ересек тобында жарқын әрі қызықты «Гүлдер күні» өтті.
Балалар дәстүрден тыс сурет салу әдісін пайдаланып, өз алаңындағы гүлзардағы әсем гүлдердің суретін салып, шығармашылық қабілеттері мен қиялдарын көрсетті. Балалардың ерекше қызығушылығын «Судағы гүлдер» тәжірибесі тудырды. Бұл тәжірибе арқылы олар өсімдіктер мен қағаздың таңғажайып қасиеттерімен танысты. Серуен кезінде балалар гүлдерді бақылап, олардың әсемдігіне сүйсініп, қоршаған табиғатқа ұқыпты әрі қамқорлықпен қарауды үйренді.