Текст
20.07.2026
«Тамшылар» тобының балалары футбол, хоккей, гимнастика, жүзу, жеңіл атлетика және басқа да спорт түрлерімен танысты. Балалар спорт түрлерінің бір-бірінен айырмашылығын, дене шынықтырумен айналысудың маңызын білді. Олар спорттың күшті, дені сау, епті әрі шыдамды болуға көмектесетіні туралы қорытындыға келді.
Сондай-ақ қазақтың ұлттық ойындары туралы әңгіме өткізілді. Балалар «Шаңырақ» және «Арқан тарту» ұлттық ойындарымен танысып, олардың ептілікті, жылдамдықты, зейінді дамытатынын және қазақ халқының салт-дәстүрін сақтауға ықпал ететінін білді.
Балалар танымдық бейнероликтерді тамашалап, ермексаздан доп жасады.