Текст
14.07.2026
№5 «Балбөбек» тобында таза ауада жазғы сауықтыру іс-шарасы өткізілді. Балалар массаж жолымен, жылы құмның және жасыл шөптің үстімен жалаңаяқ жүріп, қарағай бүршіктерінің көмегімен аяқтарына массаж жасап, күн ваннасын қабылдап, табиғат аясында белсенді уақыт өткізді.
Мұндай шынықтыру шаралары балалардың иммунитетін нығайтуға, төзімділігін арттыруға, жалпақтабандылықтың алдын алуға және көтеріңкі көңіл күй сыйлауға ықпал етеді.
Біз үшін ең үлкен марапат – тәрбиеленушілеріміздің шат күлкісі, қуанышты жүздері мен тамаша көңіл күйі. Жаз мезгілі балаларға зор денсаулық, қуаныш пен ұмытылмас әсер сыйласын!