№11 «Айгөлек» тобында Алғыс айту күніне арналған «Барлығына рақмет!» атты акция-челлендж өтті. Іс-шараға топ тәрбиеленушілері мен олардың ата-аналары белсенді қатысты.
Іс-шара барысында балалар мейірімділік пен сыйластық туралы айтып, ата-аналарына, достарына, балабақша қызметкерлеріне шынайы алғыс айтуды үйренді. Олар жүрекжарды алғыс сөздерін дайындап, шығармашылық жұмыстар жасады. Ата-аналар бастаманы қолдап, жылулық пен бірлік атмосферасын қалыптастыруға атсалысты.
Акция балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға, айналасындағыларға құрметпен қарауға және жылы сөздің құндылығын түсінуге ықпал етті.