Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының Ю.А.Гагарин атындағы балабақшасы МКҚК
Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының Ю.А.Гагарин атындағы балабақшасы МКҚК

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Балабақшамыздың 40-жылдық мерейтойы

06.01.2026

2025 жылдың 29 желтоқсан күні балабақшамыздың құрылғанына 40 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл күн балабақша ұжымын, тәрбиеленушілер мен ата-аналарды,  қонақтарды біріктірген, мазмұны терең әрі есте қаларлық мерекеге айналды.

Мерейтойға балабақшаның өткен жылдары меңгеруші қызметін атқарған Тузовская Лидия Митрофановна, Омарова Бакытжамал Ныгметовна, Айжарыкова Алданыш Жиенбековна; білім бөлімінің әдіскері Касымова Акбота Аскаровна; Ш. Уәлиханов атындағы университет кафедрасының меңгерушісі Калымова Асель Кайратовна; оқытушы Шубаева Нургуль Мейрамовна; БЦК банкінің өкілі Асаинов Тимур Алтаевич, сондай-ақ тәрбиеленушілердің ата-аналары — Романов Данил Александрович пен Бажирова Айнур Бозгулановна қатысты.

Іс-шара барысында ізгі тілектер айтылып, балабақшаның қалыптасу және даму жолындағы маңызды кезеңдер еске алынды. Мерекелік бағдарламаны тәрбиеленушілер мен қызметкерлердің қатысуымен өткен жарқын концерт толықтырды.

40 жыл — бұл тарих пен дәстүр, кәсіби шеберлік пен балаларға деген шексіз сүйіспеншіліктің көрінісі. Балабақшамыздың дамуына үлес қосқан барша жандарға шынайы алғысымызды білдіреміз.

 

Просмотров: 10330


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст