26.02.2026
2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер туралы есеп
1.Қызмет көрсетуші туралы мәліметтер: Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Ю.А. Гагарин атындағы балабақша» МКҚК.
Заңды мекенжайы: Көкшетау қаласы, Ақан сері көшесі, 157.
2. Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Ю.А. Гагарин атындағы балабақша» МКҚК-де 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2025 жыл ішінде білім беру ұйымы 126 мемлекеттік қызмет көрсетті:
электрондық нұсанда көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 89 қызмет;
қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 37 қызмет.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.
|
Атауы |
Барлығы |
Электрондық нұсанда |
Қағаз нұсанда |
|
2025 жыл |
126 |
89 |
37 |
Мектепке дейінгі ұйымдағы сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
– «Мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды қабылдау және қабылдау үшін құжаттарды қабылдау»;
– «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өтуге құжаттарды қабылдау».
2025 жылы жалпы саны 8 педагогке «педагог-модератор» біліктілік санаты берілді.
3 педагогтың құжаттары қабылданып, «Модуль: ДО-ға педагогтарды қабылдау» жүйесі арқылы электрондық нұсанда қаралды.
Қызмет алушыларға қажет барлық ақпарат білім беру ұйымының ресми интернет-ресурсында орналастырылған: http://ds0005.kokshetau.aqmoedu.kz – «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде, онда мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері берілген. Сонымен қатар, білім беру ұйымында ақпараттық тақтада мемлекеттік қызмет стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
Ата-аналарды мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәртібі туралы хабардар ету бойынша консультациялар өткізу жұмысы жүргізіледі.
3.Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру бойынша іс-әрекеттер
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында білім беру ұйымы Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді.
Білім беру ұйымында мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген қызметкерлер көрсетеді.
2025 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысты шағымдар түспеген.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнаманы сақтау мәселесі бойынша бекітілген бақылау іс-шаралары жоспарына сәйкес, Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі тарапынан бақылау іс-шаралары өткізілді.
Бақылау іс-шаралары барысында білім беру ұйымында сәйкессіздіктер анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылуы және негізсіз бас тартулар тіркелген жоқ.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау барысында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтердің бұзылуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.
2026 жылы мектепке дейінгі ұйымда физикалық және заңды тұлғаларға қолжетімді әрі сапалы мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету жұмысы жалғасады.