МҰ-да тамақтану туралы сұрақ
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері мен ата-аналардың төлемақыларын жергілікті атқарушы орган бекітеді (аудан, қала, астана).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы No 499 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің типтік ережелеріне сәйкес ата-аналардан немесе заңды өкілдерден асырау үшін ай сайынғы төлем мөлшері коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорындарының ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардағы бала жасына қарамастан тамақ құнының 100 пайызын құрайды және оны құрылтайшы белгілейді. Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналардан немесе заңды өкілдерден төлемдерді өндіріп алу тәртібін мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысы белгілейді
36-бап. «Мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың арасындағы қарым-қатынас баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдаған кезде жасалатын Шартпен реттеледі. Шартта баланың мектепке дейінгі ұйымға бару режимі, тамақтану жиілігі, қосымша білім беру, сауықтыру қызметтерін ұсыну деңгейі мен мерзімдері, баланы мектепке дейінгі ұйымда ұстағаны үшін ақы төлеу мөлшері, қосымша ақылы қызметтер және өзге де жағдайлар айқындалады.
Тарифтік кесте орташа статистикалық және нарықтық бағаларды талдау негізінде, сондай-ақ Мектепке дейінгі ұйымдардың шығыстарын ескере отырып есептеледі.Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің шығыстары мемлекеттік білім беру ұйымдары мен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылады.Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің құрамында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету бойынша қаладағы ауданның шығыстары көзделеді. Сонымен, мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-аналарға төленетін ақы мөлшері азық-түлік құнының 100 пайызын құрайды, оның мөлшерін жергілікті атқарушы орган бекітеді, оны мемлекеттік мектепке дейінгі ұйым өзі белгілемейді. Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымның экономикалық қажеттіліктері деп аталатын (материалдық-техникалық қамтамасыз ету, ұйымның қызметін қолдау) ата-аналардан емес, жергілікті бюджеттерден қаржыландырылады.
.