Тәрбие-білім беру жұмысы мектепке дейінгі ұйымда дамытушы пәндік-кеңістіктік ортаны құру негізінде жүргізіледі.
Мектепке дейінгі жастағы баланың даму ерекшеліктері оны қоршаған заттық әлемді оның білім алуының құралына айналдырады. Осыған байланысты, біз өзіміздің мектепке дейінгі ұйымымызда балалардың тікелей қабылдауына және практикалық қызметінде қолдануына қолжетімді заттардың бәрін қамтитын дамытушы пәндік-кеңістіктік ортаны құруға тырыстық. Құрылған пәндік-кеңістіктік дамытушы орта әр баланың психологиялық жайлылығын барынша қамтамасыз етуге, оның қызмет түрін, оған қатысу дәрежесін, оны жүзеге асыру тәсілдерін және айналасындағы адамдармен өзара әрекет ету жолдарын еркін таңдауға мүмкіндік береді.
Әр топта балалардың психикалық денсаулығын нығайтуға және сақтауға, эмоциялық және физикалық шиеленісті азайтуға, күштерін қалпына келтіруге көмектесетін демалыс – оңашалану орталығы құрылған. Бұл орталық тыныш ойындарға, суреттерді қарауға және ойға шомуға мүмкіндік береді. Оңашалану бұрышы басқа аймақтардан бөлек орналасқан, онда жастықтар мен саусақ моторикасын дамытуға арналған қызықты ойыншықтар бар.
Сюжеттік-рөлдік ойындар орталығында балалардың жақындарымен уақытша қоштасу мәселесін ұмытып, еркін ойнауына мүмкіндік беретін жабдықтар бар.
Театраландия, музыка және кітап орталықтарында балалар өздерінің сүйікті ертегі кейіпкерлерімен тыныштықта ойнап, оларға өз мәселелері туралы айтып бере алады. Топтарда шығармашылық қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай жасалған. Балалар еркін түрде шығармашылық орталыққа барып, өз бетінше материал таңдап, ата-аналарына сыйлық ретінде қолөнер бұйымдарын жасап, өз бастамаларын көрсете алады. Мұның барлығы балалардың еркін сезінуіне, күн бойы жақсы эмоционалды көңіл күйде болуына ықпал етеді. Бұл ретте әртүрлі қызмет түрлері бір-біріне кедергі келтірмей қатар жүргізіледі.
Педагогтер әдістемелік және дидактикалық материалдарды толықтыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Топта балалардың жеке және бірлесіп ойнауына көмектесетін дидактикалық және дамытушы ойындар бар. Қимыл-қозғалыс ойындарының, саусақ ойындары мен гимнастикаларының, сергіту сәттерінің, сюжеттік-рөлдік ойындардың, театралдық жағдаяттық ойындардың, дидактикалық ойындардың, бейімделуге арналған ойындардың, логика мен ойлауды дамытуға арналған ойындардың картотекалары іріктеліп алынды.
2024 жылы мына заттар сатып алынды:
Теледидар – 12 дана
Принтер – 13 дана
Компьютер – 13 дана