Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,
Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып...
Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,
Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-
Ғасырдың он екінші жылы келді,
Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!
Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,
Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.
Қазақтың пейіліне тарту етсін,
Табиғат ашық аспан, таң шапағын!
Жаңа жылдық ертеңгіліктер уақыты-бұл әр балабақшаға әр жылдың соңында қысқы суық ауа райының басталуымен келетін әдемі ертегінің уақыты. Жаңа жыл-бұл ертегі мерекесі, барлық балалардың сүйікті мерекесі.
2023 жылғы 24-28 желтоқсан аралығында біздің балабақшада барлық жас топтарында Жаңа жылдық мерекелер өтті.
Мереке кезіндегі эмоциялар балаларды толғандырды, көптеген тосынсыйлар, жұмбақтар, саяхаттар, ертегі кейіпкерлерімен кездесу, ойындар, байқаулар, әндер, билер болды.
Жаңа жылдық қойылымдарға қатысқан тәрбиешілер мен мамандар өздерінің барлық шығармашылық шеберліктерін, әртістіктерін, ынта-жігерін және ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсете отырып, өздерін жақсы әртістер ретінде көрсетті.
Барлық балаларға, тәрбиешілерге және ата-аналарға рахмет!
Жаңа жыл құтты болсын!