«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының Ю.А.Гагарин атындағы балабақшасы» МКҚК
ГККП «Детский сад имени Ю.А.Гагарина города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жыл қорытындысы - 2023

24.12.2023

"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі жанындағы Көкшетау қаласы Ю. А. Гагарин атындағы балабақша" МКҚК

 

Мекеме 245 орынға есептелген.Балабақша ғимараты типтік,екі қабатты, қазіргі таңда 245 бала тәрбиеленіп жатыр және жыл бойы тоқтаусыз балаларды қабылдау жүргізіліп отырады.

Жұмыс кестесі: 5 күндік.

Жұмыс аптасы: 8:00-ден 18:30-ға дейін; сенбі,жексенбі – демалыс.

 

Топтардың жалпы саны – 11. Мемлекеттік тілде – 5 топ, орыс тілінде – 6 топ.

 

Жалпы балабақшамыздың білім берудегі мақсаты: мектепке дейінгі баланың жан - жақты дамуы үшін бірыңғай білім беру кеңістігінде педагог, ата аналар - педагогтарының өзара тиімді қарым-қатынасын қамтамасыз ету. Балабақшада 22 тәрбиеші жұмыс атқарады. Балабақшамызда тәрбиешілер:М.Монтессори,Триз, Денсаулық,Ойы н,STEM,дәстүрден тыс технологиялармен жұмыс жасайды.

2023 жылы балабақшамыз жақсы жаңалықтармен басталды. Атап өтетін болсақ: «Мен өз елімнің патриотымын»  атты 1қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты  жиын. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» (тіл апталығы), «Өңіріме күз келді» , 25 қазан – Республика күніне орай дене шынықтыру нұсқаушысы мен музыка жетекшілерінің ұйымдастыруыме, балабақшамызда педагогтар арасында қазақтың ұлттық ойыны «Ханталапай» ойыны ойнатылды,  «Туған жер» (суреттер көрмесі),  «Патриоттық елдің баласымын!» (тақпақтар сайысы), Ұлтымыздың ұлттық ойындарын жаңғырту мақсатында  «Алтын сақа» республикалық челленджіне қатысып, «Бес табан» ойынын ойнатылды, Жасмамандар арасында өлеңдер сайысы, Қалалық Семинар-практикум "Креотерапия немесе мұзбен қызықты ойындар.Марблс қиыршық тастары - балаларға арналған қазына."

Қалалық семинарда тәрбиешілер өздерінің ұйымдастырылған оқуқызметін көрсетті, жаңа технологиялар қолданды!

Балабақшада қосымша арнайы әдебиет оқу, құрылыс-құрастыру кабинеттері ашылды.
Төрт қосымша үйірме жұмыстары жүргізіледі (қазақ тілі, бейнелеу өнері,ағылшын тілі, би )

 

Просмотров: 1466


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст