29 қараша күні балабақшада екінші педагогикалық кеңес өтті.
Тақырыбы: «Балалардың коммуникативтік, мәдени-эстетикалық дағдыларын дамыту және қазақ тілін үйренудегі бастамашылық пен дербестікті қолдау»
Педагогикалық кеңестің мақсаты: Балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тілдік қабілеттерін дамыту.
Педагогикалық кеңес шеңберінде мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік, мәдени-эстетикалық дағдылары үшін креативті, инновациялық технологияларды тәжірибелерінде қолданылатын әдістерменересек топтарының тәрбиешілері Г.А. Буракова, Кусаинова А.А. бөлісті.
Әдіскерлер ОрумбаеваЖ.Т., Акишева Н.Е.педагогтармен «Ақылдылар мен тапқырлар» атты іскерлік ойын өткізді, ойын барысында педагогтар өздерінің әдіс-тәсілдерін көрсетті.
Педагогикалық кеңестің тақырыбы бойынша педагогтар кәсіби біліктілігін арттыруға, балаларымыздың өмірін қызықты және мазмұнды етуге, оны жарқын әсерлермен, қызықты істермен, шығармашылық қуанышпен толтыруға мүмкіндік алды. Балалардың театрландырылған қызметте алған коммуникативтік дағдыларын күнделікті өмірде пайдалана алуына мүмкіндік жасау.